«Макмиллан Паблишерз  Лимитед» –әлемдегі ең танымал және ірі баспалардың бірі. 1843 жылы негізі құрылған  (баспаның тарихы жөнінде толық ақпаратты осы жерден көруге болады) «Макмиллан» баспасының қазіргі таңда 7000-нан астам қызметкері бар өкілеттіктерінің кең желісі әлемнің  80-ге жуық елдерінде таралған. 

«Макмиллан» жоғары сапалы  ғылыми, академиялық, ғылыми-танымдық, көркем әдебиет сонымен қатар, ағылшын  тілін үйренушілерге арналған оқулықтар, сөздіктер, сандық және интернет-ресурстарды шығарады.  

Баспаның оқу құралдарында ағылшын тілін үйрету әдістемесіндегі  дәстүрлі және заманауи жетістіктердің үйлесімді байланысы көрініс тапқан. 

«Макмиллан» мультимедиялық өнімдерді әзірлеудегі озық әдістерді әсіресе, ағылшын тілін үйретудегі интернет-технологияларды қолдану арқылы шығарылатын  қазіргі заманға сай оқу құралдарымен қамтамасыз ететін бірден-бір баспа.

1999 жылы «Макмиллан»  баспасы Қазақстандағы өз өкілдігін ашты. Қазақстан нарығында атқаратын қызметтік саласында «Макмиллан» баспасы ең алдымен  өзінің жоғары сапасымен бүкіл әлемге танымал оқу құралдарының  отандық мектептердегі  ағылшын тілін үйретудің дәстүрлі әдістемесін сақтай отырып  шет тілін оқыту бойынша  мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сай жасалуын қамтамасыз етуді көздейді. 

Біз жан-жақты және өзара ұтымды ынтымақтастыққа әрқашан ашықпыз!