Macmillan Cultural Readers Writing competition


Туған жер туралы ең үздік кітап бойынша конкурс

Macmillan Cultural Readers Writing competition

Өзің жазған оқуға арналған кітапты жібер де, жұмысыңның жарияланған көшірмесін және бүкіл сыныбыңа арналған Мәдени оқулықтардың топтамасын ұтып ал!

Мектептерге арналған конкурс

Сыныбыңмен біріге қосылып өз Мәдени оқулығыңды жаз. Өзің тұрып жатқан мемлекет немесе қала туралы не айта аласың? Еліңнің тарихы, географиясы, табиғаты, мәдениеті немесе сол елдің немесе қаланың тұрғындары, шұғылданатын спорт түрлері, дәстүрлі тағамдары туралы өте көп қызықты мәліметтерді жаз. Оған қоса, түрлі мәтіндер мен суреттерді де қолдануға болады.

Конкурстың негізгі мақсаты

Оқушылардың көркем әдебиет және ғылыми-танымдық әдебиеттерді ағылшын тілінде оқуға ынталандыру.

Конкурсқа қатысу шарттары

- Жұмысыңыздың мәтіні 3000 сөзден, ал қолданған суреттердің саны 10-нан аспауы қажет. Суреттер мен жазылған мәтін тек өзіңіздің ойыңыздан туындап, өзіңіз жазуыңыз керек. Егер суреттер аталған шарттарға сай жасалмаса біз оларды қабылдамаймыз.

- Барлық жұмыс Word форматындағы құжатта сақталуы керек. Суреттер JPG немесе NPG файл түрінде жіберілгені абзал. Бөлімнің тақырыптары ағылшын тілінде болу міндетті.

- Мәдени оқулықтың стилі мен рухын айқындай алған ең үздік әрі бірегей жұмыстың иесін қазылар алқасы жеңімпаз деп жариялайды.

- Барлық жұмыс 2014 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады, ал жеңімпаздар тізімі 2015 жылдың 31 қаңтарында белгілі болады.

- Жасаған жұмысыңызды office@macmillan.kz мекенжайы бойынша Cultural Readers Competition деген тақырыппен жіберуіңізді сұраймыз. Өз есіміңізді, оқитын оқу орнының атауын, сынып, жас мөлшері мен байланыс ақпараттарын көрсетуді ұмытпаңыздар.

- Жеңімпаз атанған мектепке өз жұмысының баспадан шыққан 30 көшірмесі, сондай-ақ Macmillan Education таңдауына сәйкес 30 Мәдени оқулық беріледі. Екінші орынға ие болған қатысушылар каталогтан өз таңдаулары бойынша 5 Мәдени оқулыққа ие болады.

- Ең үздік деп танылған жұмысты сайтта PDF-файл форматында жүктеп алуға болады, соынмен қатар, www.macmillanreaders.com және www.macmillan.kz сайттарында жұмыстың баспаға арналған нұсқасы енгізіледі.

Конкурс бойынша маңызды ақпаратты біздің Шарттар мен Талаптар бөлімінен таба аласыздар, сондықтан аталған бөлімді мұқият оқып шығуларыңызды өтінеміз.

Егер сіз өз сыныбыңызбен аталған конкурсқа қатысқыңыз келсе example lesson plan бөліміне назар аударыңыз. Онда сыныбыңыздың оқуға арналған өз кітабын құрастыру үшін қандай жобалар ұймыдастыру керектігі толықтай көрсетілген.

Macmillan баспасының Мәдени оқулық шығарылымы таңдамалы Reader-лардың негізгі құраушы топтамасы. Бұл топтама әлем мемлекеттері мен олардың мәдениеті туралы. Олардың әрқайсысы тарих, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, табиғат, қала және спорт туралы жеке бөлімдерден тұрады. Конкурсқа қатысу барысында England, USA және Brazil әдебиеттері сізді одан әрі ынталандыра түсетініне сенімдіміз.