Learn Beyond. Teach Beyond. Go Beyond.


Құрметті әріптестер! Қазақстандағы Macmillan Publishers өкілдігі ағылшын тілі пәнінің мектеп оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында Алматы қаласы мектеп оқытушыларына әдістемелік семинар өткізеді.

Семинар сағат 15.00 мен 17.00 аралығында «Өрлеу» БАОҰ АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Қалдаяқов көшесі, 62 мекенжайында өтеді.

Семинар ағылшын тілін оқыту әдістемесіне арналып, оқытушылардың педагогикалық тәжірибесінің дамуына және әдістемелік біліктілігін арттыруға үлес қосады.

Семинар баспа әдіскері Гжегош Спивактың жүргізуімен өтеді.

Семинар тегін, барлық қатысушыларға сертификат пен үлестірме материалдары ұсынылады.
Город: Алматы