Write about your Wonderland!


«Макмиллан» баспасы оқулығының авторы бол!  

AliceCOMP_Twitter-Header-Banner_600.jpg  

1865 жылы Льюис Кэрроллдың «Алиса ғажайптар әлемінде» кітабы алғаш рет «Макмиллан» баспасында басып шығарылған. 

Осы оқиғаның 150-жылдығына орай, ағылшын тілінде кітап оқуды сүйетіндер үшін біз конкурс жариялаймыз.   

Write about your Wonderland!  

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары Macmillan Readers топтамасында жарияланады. 

Конкурстың өтетін уақыты: 2015 жылдың 5 наурызы мен 31 тамыз аралығы

Конкурсқа қатысу үшін 500 ден1000 сөзге дейінгі көлемде (Word немесе PDF форматында) «Менің ғажайып әлемім» атты әңгіме жазу немесе «Менің ғажайып әлемім» тақырыбында (көлемі A4, JPG, PNG немесе PDF форматындағы) сурет салу керек.

 Әр қатысушы тек бір әңгіме немесе бір сурет жібере алады. 

Конкурс қорытындысы үш жас категориясы арқылы анықталады:    
•    12 жасқа дейін
•    13 жастан 17 жасқа дейін 
•    18 және одан үлкен жас аралығы

Әр жас категориясы ішінен бір жеңімпаз атанатын ең үздік бес жұмыс таңдалып алынады. 

Әр жас категориясынан таңдалып алынған «Үздік әңгіме» номинациясы бойынша жеңімпаздың жүлдесі: 
•     жеңімпаз жұмысы енетін конкурстың үздік әңгімелері кіретін жинақтың он экземпляры; 
•     Macmillan Readers топтамасынан таңдауынша алынатын бес кітап; 
•     Macmillan Education eBook электронды кітаптарын сатып алуға арналған £100-қа кепілдік берілетін растама (ваучер). 

Қалған төрт жүлдегерге: 
•    конкурстың үздік әңгімелері кіретін жинақтың бір экземпляры;  
•    Macmillan Education eBook электронды кітаптарын сатып алуға арналған £ 25-қа кепілдік берілетін растама (ваучер)

«Үздік сурет» номинациясы бойынша әр жас категориясында бір жеңімпаз анықталады, олардың жұмыстары әңгіме топтамасының мұқабасын әрлеу үшін қолданылады. Жеңімпаздарға: 
•    конкурстың үздік әңгімелері кіретін жинақтың бес экземпляры;  
•    Macmillan Readers топтамасынан таңдауынша алынатын үш кітап.

Конкурс жеңімпаздары 2015 жылдың қараша айында жарияланады. 

Конкурс қорытындысы бойынша 15 үздік әңгімелер жинағы жарияланады. Басылымнан бөлек жеңімпаздардың әңгімелерінің аудионұсқасы жасалынады. 


www.macmillanreaders.com сайтында үздік әңгімелер жинағы PDF форматында қолжетімді болады.

Write about your Wonderland! конкурсының барлық қатысушыларына электронды сертификаттар беріледі. 

Write about your Wonderland! сұраным нысаны мен конкурс шарттарын www.macmillanreaders.com/wonderland-competition  сайтынан көруге болады.