The adventure starts here


Құрметті әріптестер! 

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту және ағылшын тілі пәні оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру аясында Қазақстандағы Macmillan Publishers өкілдігі бастауыш мектептегі ағылшын тілі пәні оқытушыларын әдістемелік вебинарға шақырады. 

Вебинар тамыз айының 19 Астана уақытымен сағат 11.00-ден 12.00-ге дейін өтеді.

Вебинар ағылшын тілін оқыту әдістемесіне арналып, оқытушылардың педагогикалық тәжірибесінің дамуына және әдістемелік біліктілігін дамытуға үлес қосумен қатар, шетел тілі пәндері оқытушыларының кәсіби салада даму мүмкіндіктерін арттырады. Вебинар баспа әдіскері Жан Перреттің  жүргізуімен өтеді. 



Город: Алматы