READY… STEADY… STRAIGHT UP!


play.jpgИНТЕРНЕТ-ОЛИМПИАДАҒА

Во втором туре могут принять участие только студенты, прошедшие первый тур.

pdf.png 2-турға өткен қатысушылар тізімі

ЕРЕЖЕ

I Жалпы ережелер

1. Ready… Steady… Straight up! интернет-олимпиадасы бойынша берілген ереже интернет-олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін, әдіснамалық мағынасын анықтайды.  
2. Интернет-олимпиаданың негізгі мақсаты оқушылардың ағылшын тілін және АКТ үйренуге ынталандыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін айқындап, дамыту және олардың интеллектуалды тұрғыда дамуына көмектесу.
3. Интернет-олимпиада Алматы қаласының Білім басқармасы және Қазақстандағы Макмиллан Паблишрез өкілдігі тарапынан өткізіледі (әрі қарай - Ұйымдастырушылар)
4. Интернет-олимпиаданы ұйымдастыру және оның техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын Ұйымдастырушылар атқарады. 
5. Интернет-олимпиаданы өткізу және оның қорытындысын шығару автоматты түрде жүргізіледі.
6. Интернет- олимпиада бойынша толық ақпарат және қатысу ережелері Ұйымдастырушылардың ресми сайттарында көрсетілген – www.macmillan.kz
7. Интернет-олимпиада Алматы қаласы колледж студенттері арасында жүргізіледі. 
8. Интернет- олимпиадаға қатысу ашық, ерікті түрде және тегін өткізіледі.

II Ready… Steady… Hot Spot! Интернет-тестілеудің өту ережелері

1. Интернет-тестілеу екі турдан тұрады және Ұйымдастырушылардың ресми сайты www.macmillan.kz арқылы жүзеге асады.
2. Steady бірінші туры 2017 жылдың 15-16 наурыз аралығында өз колледждерінде өтеді. Әр қатысушы бірінші турдың тапсырмаларын бір мәрте ғана орындай алады.
3. Steady бірінші турының нәтижелері 2017 жылдың 20 наурызында www.macmillan.kz  Ұйымдастырушылардың сайтына шығады.
4. Екінші тур Straight up 2017 жылдың 29-30 наурызы аралығында алдын-ала анықталған колледжде өтеді. Екінші турға бірінші турдың жеңімпаздары ғана қатыса алады.
5. Екінші турдың барлық қатысушыларына олимпиадаға қатысқандығын растайтын сертификаттар беріледі. Электронды түрдегі сертификаттар 25-30 сәуір аралығында жіберіледі.

Сайтқа тіркелу ережелері:

www.macmillan.kz   сайтына кіріңіз, «Алматы қаласы колледждеріне арналған олимпиада» бөліміне кіріңіз.
• Сайттың басты бетінің жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан «Тіркелу» сілтемесін басыңыз. 
• Ашылған парақшада «Студенттің тіркелуі» сілтемесін таңдаңыз.
• Жұлдызшамен белгіленген толтырылуы міндетті жолдарды толтырыңыз (Пароліңізді есте сақтаңыз!)
• Парақшаның төменгі тұсында суретпен берілген сөзді теріп жазып, «Тіркелу» көк сілтемесін басыңыз.
• Тіркелу кезінде жазған электронды мекенжайыңыз арқылы өзіңіздің электронды поштаңызды ашыңыз (оқушының жеке электронды поштасы болмаған жағдайда, ата-анасының электронды мекенжайын көрсетуге болады). Тіркелуді растайтын сілтеме берілген хатты ашыңыз. Сілтемені басыңыз.
• Тіркелу аяқталды.

III Ready… Steady… Hot Spot! Интернет-тестілеудің мазмұны

Интернет-олимпиада студенттердің лексико-грамматикалық, оқылым, тыңдалым бойынша біліктіліктерін тексеруге арналған. Тесттік тапсырмалар білім берудің стандарттарына сәйкес, колледждерде оқытылатын ағылшын тілінің мазмұнына сай жасалып, кезеңдер бойынша бөлімдерге бөлінген.

IV Ready… Steady… Hot Spot! жеңімпаздарын анықтау 

1. Әр бөлімде берілген интернет-олимпиада тапсырмалары барлық қатысушыларға бірыңғай.
2. Тест сұрақтарына берілген жауаптар автоматты түрде бағаланады.
3. Жеңімпаздар тізімін Ұйымдастырушылар шығарады.
4. Апелляция қабылданбайды
5. Ең көп баллды аз уақытта жинаған оқушы жеңімпаз атанады. 
6. Жеңімпаздан кейінгі көрсеткішке ие болған оқушыларға да сыйлықтар беріледі.
7. Жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен сертификаттарды Алматы қаласының Білім басқармасы және Қазақстандағы Макмиллан Паблишрез өкілдігі өкілдері тапсырады.

ИНТЕРНЕТ-ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ БОЙЫНША КЕЛЕСІ НӨМІР БОЙЫНША ХАБАРЛАСЫҢЫЗ: 87017202348, office@macmillan.kz


Город: Алматы