01.02.2015

Оқытушыларға арналған халықаралық конкурс TEACHERS at the HEART


t_h_banner3_600.jpg

2015 жылға арналған біздің басты тақырыбымыз -  

TEACHERS at the HEART

Осы жыл бойы біз сіздерге ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ студенттер мен оқушылардың өмірінде алатын орны туралы айтып, қызықты әрі пайдалы ресурстармен бөлісіп, өз істерінің шебер майталмандары саналатын педагогтерден тәлім алатын боламыз.

Біз сіздердің назарларыңызға оқытушыларға арналған халықаралық Teachers at the heart! конкурсын ұсынамыз.

Конкурс 2015 жылдың ақпан және желтоқсан айлары аралығында өтеді.

Конкурс жеңімпаздары, төрткүл дүниенің төрт бұрышынан жиналған 5 оқытушы, 2016 жылдың жазында Ұлыбританияда 2 апталық тегін оқуға жолдама алады. Конкурстың шарттары мен толық ақпаратты осы жерден қарауға болады.