23.03.2016

Macmillan English Language Testing System (MELTS)


Macmillan English Language Testing System (MELTS). MELTS -  5–6, 7–8, 9 және 10–11 сынып оқушыларының ағылшын тілі бойынша біліміне бақылау жүргізуге арналған интернет-тестілеу жүйесі. Оқушылар тестілеуді онлайн режимінде тапсырады. Оқушылар нәтижелерін тестілеу аяқталысымен көре алады.

Мониторинг жылына үш рет қыркүйек, желтоқсан және сәуір айларында өтеді. Оқушылар  MELTS тестілеуін тапсыру арқылы: 

• аралық бақылау кезіндегі аттестациялауда жақсы жетістіктерге жету үшін лексико-грамматикалық және тақырыптық материалдарды жалпылау және бекіту;

• бақылау аттестациялауды тапсыруға арналған психологиялық дайындықтан өту және бақылау аттестациялау форматымен танысу;

• аттестациялық тапсырмаларды орындау техникасын меңгеру;

• аттестациялық бақылаудың түрлі тапсырмаларын орындауға қажетті біліктіліктерге үйрету: берілген тапсырмаға анализ жасау, тапсырманы орындау жолдарын таңдау мүмкіндіктеріне ие болады.


5-6 сынып оқушыларына арналған интернет-тестілеу 5 кезеңнен тұрады:  

• Тыңдалым – 5 сұрақ (таңдаудың көптүрлілігі)

• Грамматика және лексика 1 – 6 сұрақтар аралығы (таңдаудың көптүрлілігі)

• Грамматика және лексика 2–10 сұрақтар аралығы (бос орынды толтыру, таңдаудың көптүрлілігі)

• Грамматика және лексика 3 – 7 сұрақтар аралығы (бос орынды толтыру, қысқа жауаптар)

• Оқылым - (мәтіндегі құрылымдық-мағыналық байланысты түсіну) – 7 сұрақтар аралығы (True/False) 

Тестілеу 40 минут аралығында өтеді.  Максималды балл - 35 (әр дұрыс жауапқа бір балл). 


7-8 сынып оқушыларына арналған интернет-тестілеу 3 кезеңнен тұрады:   

• Тыңдалым – сұрақ (таңдаудың көптүрлілігі)

• Оқылым 1 (Мәтіннің негізгі мағынасын түсіну) – 5 сұрақ (таңдаудың көптүрлілігі)

• Оқылым 2 (Мәтіндегі ақпаратты толық және нақты түсіну) – 5 сұрақтар аралығы (таңдаудың көптүрлілігі)

• Грамматика және лексика 1 (Лексико-грамматикалық біліктіліктер) – 10 сұрақ (бос орынды толтыру, таңдаудың көптүрлілігі)

• Грамматика және лексика 2 (Лексико-грамматикалық біліктіліктер) – 11 сұрақ (бос орынды толтыру, таңдаудың көптүрлілігі)

Тестілеу 40 минут аралығында өтеді.  Максималды балл - 36 (әр дұрыс жауапқа бір балл).

 
9 сыныпқа арналған интернет-тестілеу 3 кезеңнен тұрады:  

• Тыңдалым
1 бөлім: 5 сұрақ (сәйкестікті табу); 
2 бөлім: 4 сұрақ (сәйкестікті табу) 

• Оқылым
1 бөлім: 5 сұрақ (сәйкестікті табу);   
2 бөлім: 4 сұрақ (True/False/Not Stated)  

• Грамматика және лексика 
1 бөлім: 7 сұрақ (грамматикалық трансформация; қысқа жауап);
2 бөлім: 5 сұрақ (сөзжасам; қысқа жауап)

Тестілеу 90 минут аралығында өтеді.  Максималды балл - 30 (әр дұрыс жауапқа бір балл).


10-11 сынып оқушыларына арналған интернет-тестілеу 3 кезеңнен тұрады

• Тыңдалым
1 бөлім: 6 сұрақ (сәйкестікті табу) 
2 бөлім: 7 сұрақ (True/False/Not Stated)
3 бөлім: 7 сұрақ (таңдаудың көптүрлілігі) 

• Оқылым
1 бөлім: 7 сұрақ (сәйкестікті табу) 
2 бөлім: 6 сұрақ (сәйкестікті табу)  
3 бөлім: 7 сұрақ (таңдаудың көптүрлілігі) 

• Грамматика және лексика
1 бөлім: 7 сұрақ (грамматикалық трансформация; қысқа жауап)
2 бөлім: 6 сұрақ (сөзжасам; қысқа жауап) 
3 бөлім: 7 сұрақ (бос орынды толтыру; таңдаудың көптүрлілігі) 

Тестілеу 100 минут аралығында өтеді.  Максималды балл - 60 (әр дұрыс жауапқа бір балл).


Интернет-тестілеуді Макмиллан баспасының тестілеу тапсырмаларын құрастыру бойынша мамандар орындаған.